Алматыда Бас жоспарға қатысты тұрғындардың сұрағына жауап беретін орталық ашылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда тұрғындарға Бас жоспар туралы ақпаратты қолжетімді ету үшін байланыс орталығы іске қосылды.
«Алматыбасжоспар» мәліметінше, енді қала тұрғындары Бас жоспар бойынша тікелей жауап ала алады.
Тұрғындар байланыс орталығына хабарласып, Бас жоспарға қатысты сұрақ қойып, аумақтар бойынша ақпаратты нақтылайды.
— Байланыс орталығында жалпы түсіндірмелермен қатар, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттар бойынша жеке кеңес те беріледі. Біздің міндетіміз — тұрғындарға жағдайын түсінуге, қолындағы құжаттарды анықтауға көмектесу, — деді «Алматыбасжоспар» бас директоры Асхат Сәдуов.
Кейін жиі қойылатын сұрақтар «Алматыбасжоспардың» әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жарияланып отырады.
WhatsApp-тағы байланыс орталығының нөмірі: +7 705 653 83 57.
Еске салайық, Алматының бас жоспары қоғамдық тыңдауда талқыға түскенін жазғанбыз.