Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда биыл 100-ден астам лифт ауыстырылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда биыл көппәтерлі тұрғын үйлердегі 105 лифтіні ауыстыру жоспарланып отыр.

в
Фото: Алматы әкімдігі

Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, жаңартылатын жеделсатылардың 47-сі 25 жылдан астам уақыт пайдаланылған, ал 58-і техникалық тұрғыдан күрделі жөндеуді қажет етеді. Жоба 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында іске асырылады.

- Қазір Алматыда 14,5 мыңға жуық лифт пайдаланылып жатыр. Оның ішінде 8,4 мыңнан астамы 2 671 көппәтерлі тұрғын үйде орнатылған, - деп хабарлады басқармадан.

Ведомство өкілдері лифтілердің тозу деңгейін ескере отырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада жыл сайын кемінде 150 жеделсатыны жаңарту қажет екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда өткелдердегі лифтіні қолдану мәселесі қалай шешілетінін жазғанбыз.