Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда биыл санитарлық мақсатта 32 мыңнан астам ағаш кесілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда қаланың жасыл қорын күтіп ұстау жұмыстары жүріп жатыр.

Алматыда биыл санитарлық мақсатта 32 мыңнан астам ағаш кесілді
Фото: Алматы әкімдігі

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері «Алматы Тазалық» мекемесінің мамандары санитарлық мақсатта 32,3 мыңнан астам ағаш кесіп, жылдық жоспардың 46 пайызын орындаған.

Алдағы уақытта санитарлық мақсатта ағаш кесу жұмыстарының көлемі 2 есеге артып, жалпы саны 140 мың ағашқа дейін жеткізілмек.

— Қазіргі уақытта санитарлық мақсатта кесу жұмыстары қаланың негізгі магистральдық көшелері мен көлік дәліздерінде қолға алынған. Оған 32 мамандандырылған бригада, 160 қызметкер және 34 арнайы техника, оның ішінде 18 автогидрокөтергіш жұмылдырылған, — деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар жыл басынан бері қаланың 8 ауданында 8,7 мың ағашқа қалыптап кесу жұмыстары жүргізілген. Бұл шаралар жасыл желектерді жақсы күйде сақтауға, қаланың көркін жақсартуға және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда көшедегі ағаштар заңсыз кесілгенін жазғанбыз.