Алматыда денсаулығы нашарлаған автобус жүргізушісі жол үстінде мерт болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жетісу ауданында автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады.

Алматыда денсаулығы нашарлаған автобус жүргізушісі жол үстінде мерт болды
Фото: Видеодан алынған скрин

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, № 131 бағыттағы автобус Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota маркалы автокөліктерімен соқтығысқан.

— Бастапқы деректер бойынша қозғалыс барысында автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, салдарынан ол көлік құралын басқаруды толық бақылауда ұстай алмаған. Өкінішке орай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады.

Полиция аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеріліп жатыр.

Еске салайық, Астанада автобус локомативпен соқтығысты.