Алматыда Достық үйінің жаңа ғимараты салынады – Досаев
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген отырыс өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» медальдерін этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне, мәслихат депутаттарына және Ассамблея ардагерлеріне табыс етті.
– 1995 жылы 1 наурызда Алматыда – Қазақстан тәуелсіздігінің бесігі саналған қалада – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Президентінің Жарлығына қол қойылды. Дәл осы қаламызда кейіннен мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналған және елдің тұрақтылығы мен дамуының басты факторына айналған ұлтаралық келісім мен бірліктің бірегей қазақстандық үлгісінің іргетасы қаланды, - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ ол шаһарда жаңа Достық үйін салу жоспары бар екенін мәлімдеді.
– Алматыда 30-дан астам этномәдени бірлестікті біріктіретін Достық үйі жұмыс істейді. Ол этностар арасындағы өзара іс-қимылы мен ықпалдастықтың мәдени-коммуникациялық біртұтас алаңына айналды. Біз Достық үйіне назар аударып, оған арнап жеке ғимарат саламыз. Бұл біздің қаламыздың жетістіктерін көрсетуге болатын ерекше орынға айналады, - деді қала әкімі.
Еске салайық, биыл 1 наурыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жылдығына орай бүкіл облыста естелік тақталар ашылды.