Алматыда экологиялық талаптарды бұзған кәуапханаларға айыппұл салынды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Медеу ауданында бірнеше дәмханада экологиялық және санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталды.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 5 дәмханаға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Соның ішінде 4 нысаннан бұзушылық анықталп, бір факті бойынша іс материалдары сотқа жолданды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,2 млн теңгеден асты.
— «Eco Almaty» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімі табиғатты қорғау полициясымен бірге бірнеше нысандағы түтін шығару фактілері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді. Кәсіпкерлерге қатты отынды пайдалануға тыйым салынғаны, ал газбен жұмыс істейтін жабдық қолданылған жағдайда сүзгілер орнату міндетті екені түсіндірілді. Сондай-ақ мұндай құқықбұзушылық үшін жауапкершілік бар екені айтылды, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Алматыда экологиялық нормаларды бұзған жүргізушілер 653 млн теңге айыппұл төледі.