Алматыда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

Алматыдағы емханалардың бірінде ер адам бұрынғы әйеліне оншақты рет пышақ сұққан, деп хабарлайды Kazinform.

Разыскиваемого за убийство в Узбекистане преступника задержали в Астане
Фото: Kazinform

Жантүршігелік оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында тарады.

Онда Алматыдағы емхананың темекі шегетін бөлмесінде әйелге бұрынғы күйеуі шабуыл жасап, оны 8-10 мәрте пышақтағаны айтылған.

Алматы полиция департаменті аталған деректі растады.

«Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы (қылмысқа оқталу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тиісті тергеу шаралары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар