Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобасы қолға алынды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі «Junxin Environmental Protection (Almaty)» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

 Алматыда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобасы қолға алынды
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Кездесу барысында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобасының іске асырылу барысы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да әлеуетті қалаларында ұқсас жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда барлық қажетті шарттарға қол қойылып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына (ҚМЖ) дайындық жұмыстары басталды.

Еске сала кетейік, жоба 2025 жылы жасалған Инвестициялар туралы келісім аясында іске асырылып жатыр және қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға және оларды энергетикалық кәдеге жаратуға бағытталған.

-Министрлік инвестормен жобаны сүйемелдеу және оны белгіленген мерзімдерде іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруда,-делінген хабарламада.

Осыған дейін қауіпті қалдықтарды зерттеу мен бақылау күшейетіні туралы жаздық.