Алматыда қарызына байланысты жарықтан ажыратылатын тұрғын үйлердің тізімі жарияланды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Алатау Жарық Компаниясы» (АЖК) Алматы қаласы мен облыста жарық бойынша берешегі бар тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады.
Компания биыл 14 қыркүйектен бастап берешегі бар тұрғын үй кешендеріне шара қолданылатынын, оның ішінде электр энергиясын беруді шектеу немесе тоқтату шаралары бар екенін ескертті.
— Тамыз айынан бастап түбіртектерде МИБ, ПИК немесе басқарушы компанияның электр энергиясы бойынша берешегі туралы ақпарат көрсетіледі. Электр энергиясы үшін төлемді уақытылы жүргізіп, берешек болған жағдайда басқарушы ұйымға жүгінуді сұраймыз, — деп хабарлады АЖК.
Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін берешегі бар және ажыратуға жататын тұрғын үй кешендері мен шағын аудандар тізімі:
1. «Medeu city» ТҮК — 102 175 165,85 теңге;
2. «Мирас» ТҮК — 48 505 299,14 теңге;
3. «Etasa Резиденс» ТҮК — 40 774 209,07 теңге;
4. «Meridian Apartments» ТҮК — 39 482 660,93 теңге;
5. «Four Seasons» ТҮК — 28 759 998,80 теңге;
6. «Өжет» ТҮК — 28 403 537,44 теңге;
7. «София» ТҮК — 24 829 952,42 теңге;
8. Ерменсай шағынауданы — 20 061 930,42 теңге;
9. «Titul town» ТҮК — 19 489 804,39 теңге;
10. «Melody» ТҮК — 18 200 552,83 теңге;
11. «Есентай Сити» ТҮК — 18 087 933,16 теңге;
12. «BeyAzh Trans» ЖШС тұрғын үй алабы — 14 952 203,34 теңге;
13. «Хан Тенгри» ТҮК — 11 422 431,50 теңге;
14. «Lancashire» ТҮК — 10 709 329,09 теңге;
15. «Alatau Golf Residents» ТҮК — 9 895 020,49 теңге;
16. «Biography» ТҮК — 9 134 992,56 теңге;
17. «Sahon Yard» ТҮК — 7 891 752,98 теңге;
18. «Таим Сити» ТҮК — 7 252 876,65 теңге;
19. Каталбаев С. Н. тұрғын үйлері — 6 746 911,53 теңге;
20. «Асу» ТК — 6 128 481,95 теңге;
21. «Qadam» ТҮК — 5 535 847,62 теңге;
22. «Қайнар» ББС» ТК — 5 238 721,90 теңге;
23. «Өжет Плюс» ТҮК — 5 163 296,29 теңге;
24. «Мейрам парк» ТҮК — 3 822 066,46 теңге;
25. Джомиев Х.Н. саяжай алабы — 3 627 602,03 теңге;
26. Наурзбеков Б.Н. саяжайлары — 3 423 393,90 теңге;
27. «Жардин» ТҮК — 2 861 509,45 теңге;
28. Бейсеев А.Е. тұрғын үй алабы — 2 767 633,47 теңге;
29. «Бағанашыл» ТҮК — 2 539 506,16 теңге;
30. «Serenity park» ТҮК — 2 448 865,48 теңге;
31. «Bromelia» ТҮК — 2 415 508,78 теңге;
32. «Дружба-Спорт» БСТК — 2 178 627,50 теңге;
33. «Алма» ББС» ТК — 1 750 000,00 теңге;
34. Алсиеуов К.Е. тұрғын үй алабы — 1 687 198,22 теңге;
35. «Тау Самал на Навои» ТҮК — 649 340,90 теңге;
36. Абетаев Н.А. су алу мұнарасы — 297 732,58 теңге;
37. ЖС «Таутаған 64» — 297 586,02 теңге;
38. «Форум Айнабұлақ» ТК — 44 281,24 теңге.
Еске салайық, бұған дейін электр станцияларының газ үшін берешегі 72 млрд теңгеге жеткенін жазғанбыз.