15:06, 21 Қазан 2025 | GMT +5
Алматыда кәріз желілерін дұрыс жүргізбеген мердігер лицензиясынан айырылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының жоспарлау және урбанистика басқармасы «AsiaMax» ЖШС құрылыс компаниясының лицензиясын тоқтатты.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, аталған компания Әбіш Кекілбаев көшесінде кәріз желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізген.
— Лицензияның күшін жоюға жұмыс кестесінің созылуы ғана емес, тұрғындардың наразылығын туғызған өрескел қателіктер де себеп болды. Атап айтқанда: жобалық шешімдер ауытқыған, құрылыс барысында мемлекеттік нормалар сақталмаған. Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде нұсқама берілді және компания лицензиясынан айырылды, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда опырылған жол үшін мердігер жауапқа тартылды.