Алматыда кәсіпкерлерге арналған Almaty Business порталы іске қосылады

Алматыда кәсіпкерлерге арналған Almaty Business порталы іске қосылады
Фото: otyrar.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрсұлтан Шоқанов ӨКҚ брифингінде мегаполис кәсіпкерлері үшін «Almaty Business» жобасы әзірленіп жатқанын жеткізді.

Нұрсұлтан Шоқановтың айтуынша, «Almaty Business» – бұл Өңірлік палата биыл жүзеге асырып жатқан бірегей жоба. 

«Almaty Business порталы құрылуда. Оған 4 негізгі компонент кіреді: бизнеске арналған онлайн-қызмет, оқыту, сауалнамалар және сараптама. Онда біз кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бизнестің пайдасы үшін барлық цифрлық әзірлемелерді шоғырландыруға тырысамыз. Мұның бәрін біз қаланы дамытудың басымдықтарына байланысты жасаймыз», - деді ол. 

Алматы қаласы ӨКП директоры кәсіпкерлерге арналған порталда 30 жуық онлайн-қызмет болатынын атап өтті. Сондай-ақ порталда 2 мыңға жуық кәсіпкерден тұрақты түрде сауалнама жүргізіледі. Сауалнамаға қатысушыларды 2026 жылға қарай 7 мыңға жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар Almaty Business жобасы аясында 6 мыңға жуық кәсіпкер оқытылады. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы кәсіпкерлері жыл басынан бері 2 трлн теңгеге жуық салық төлегенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
telegram