Алматыда Қазақстанның үздік финтех-стартаптары анықталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығында өткен Central Asia Fintech Summit (CAFS) 2026 аясында Fintech Stars Battle байқауының қорытындысы шығарылды.

Цифровой тенге, единый QR и ИИ: как меняется финансовый рынок Казахстана
Фото: Central Asia Fintech Summit баспасөз қызметі

Бұл питч-сессия барысында Қазақстанның финтех-стартаптары өз жобаларын инвесторларға, банктерге, технологиялық компанияларға және халықаралық сарапшыларға таныстырды.

Fintech Stars Battle 2026 байқауының бас жүлдегері және White Hill Capital компаниясынан SAFE шарты бойынша $100 000-ға дейін инвестиция иеленген жоба – SHART RATE. Бұл қауіпсіз онлайн мәмілелер жасауға арналған цифрлық платформа. Ол жеке тұлғалар мен бизнеске бірнеше минут ішінде заңды күші бар шарттар жасасуға және шарт талаптары бұзылған жағдайда сот шешімін жедел алуға мүмкіндік береді.

Цифровой тенге, единый QR и ИИ: как меняется финансовый рынок Казахстана
Фото: Central Asia Fintech Summit баспасөз қызметі

Басқа финалистер де серіктестерден маңызды жүлделерге ие болды. BEHYPE жобасы (CEO – Айгерім Бейсембина) инфлюенсер-маркетинг платформасы мен блогерлерге арналған финтех-картаны дамытып жатыр. Жоба Tumar Innovation Hub ұйымдастыратын Дубайдағы акселерациялық бағдарламаға қатысу мүмкіндігін жеңіп алды. BYTRADER стартапы (CEO – Муслим Абдуллаев) AI құралдары мен тәуекелдерді басқару функциялары бар сауда терминалын ұсынып, Yandex Cloud компаниясынан 6 млн теңге көлемінде грант алды.

Финалда тағы үш мықты жоба өз шешімдерін таныстырды: PAIDAX – $1-ден бастап инвестициялауға мүмкіндік беретін мобильді әлеуметтік инвестициялау платформасы; ENKI – құрылыс объектісін төлемді іске қосатын триггер ретінде верификациялау жүйесі; FAQTOR – шағын және орта бизнесті кредиттеуге арналған AI-native қаржылық платформа.

Цифровой тенге, единый QR и ИИ: как меняется финансовый рынок Казахстана
Фото: Central Asia Fintech Summit баспасөз қызметі

-Біздің жаһандық миссиямыз – екі тараптың да құқықтық тұрғыдан қорғалуын қамтамасыз ететін әділ мәмілелер жасауға арналған ауқымды экожүйе құру. Қазірдің өзінде біз бизнес сұранысына сәйкес шарттарды автоматты түрде генерациялау үшін Shart AI нейрондық желісін енгізіп жатырмыз. Жеңіп алған жүлде қоры тек өнім мен команданы дамытуға ғана емес, сонымен қатар біздің басты мақсатымызға – «ауызша уағдаластықтар» мәдениетін өзгертуге бағытталады. Біз қоғамды өз міндеттемелерін ашық әрі нақты түрде бекітуге дағдыландырып, бұл қаржылық ресурстарды да, адам арасындағы қарым-қатынасты да сақтауға көмектеседі деп сенеміз», – деді SHART RATE негізін қалаушы әрі бас директоры Темір Аден жоспарларымен бөлісіп.

-White Hill Capital үшін Fintech Stars Battle байқауына қатысу демеушілік емес, толыққанды инвестициялық жұмыс болды: біз финалистерді инвестициялық пайплайндағы кез келген басқа мәмілеге қарағандай бағаладық. SHART RATE нарықтағы нақты мәселені түсінуі, жұмыс істеп тұрған өнімі және идеяны нақты заңдық әрі қаржылық нәтижеге дейін жеткізе алатынын дәлелдеген командасымен ерекшеленді. SAFE бойынша $100 000-ға дейінгі инвестиция – алғашқы қадам. Біз командамен бірге өнімді, юнит-экономиканы және өңірдің жаңа нарықтарына шығу мүмкіндігін дамыту бағытында жұмыс істейтін боламыз. Сондай-ақ барлық финалистердің жалпы деңгейін атап өткім келеді: жобалардың жартысы бүгінде институционалдық инвесторлармен келіссөз жүргізуге толық дайын, бірнеше командамен саммиттен кейін де байланысты жалғастырамыз», – деп түсіндірді White Hill Capital компаниясының инвестициялар жөніндегі бас директоры (Chief Investment Officer) Наргиза Ан.

Central Asia Fintech Summit
Фото: Central Asia Fintech Summit баспасөз қызметі

Финалға 50-ден астам өтінімнің ішінен іріктелген 6 стартап шықты. Питч-сессия қатаң уақыт шеңберінде өтті: әр финалистке таныстырылым үшін 4 минут және қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру үшін 3 минут берілді. Сессия модераторы Саид Максимов болды.

Биыл Battle қазылар алқасы жобаларды бес негізгі критерий бойынша бағалады: мәселе және нарық, өнім және технология, бизнес-модель, команда, сондай-ақ питчтің сапасы.

Қазылар алқасының құрамына нарықтың танылған сарапшылары кірді:

Даулет Батырбек, Prometei стартапының CEO-сы;

Руслан Енсебаев, bcc-hub технологиялық компаниясының CEO-сы (Банк ЦентрКредиттің еншілес компаниясы);

Тимур Шалекенов, Yandex Qazaqstan CEO-сы;

Нариман Мукушев, Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары (цифрлық бағытқа жетекшілік етеді);

Аида Дуссова, Almaty Hub директоры;

Диас Мухамедиев, Mycar Group компаниясының Deputy CEO-сы (экожүйенің цифрлық өнімдеріне жауапты).

Central Asia Fintech Summit
Фото: Central Asia Fintech Summit баспасөз қызметі

 

-Таныстырылған жобалардың басым бөлігі – қазірдің өзінде күшті трекшны бар жұмыс істеп тұрған бизнес. Кейбіреулері ай сайын көрсеткіштерін екі есеге арттыратын әсерлі өсімді көрсетіп отыр. Стартаптардың кемінде үштен бірі нарықтың аса өзекті мәселелерін шешуге бағытталған, ал олардың командалары жоғары деңгейдегі дайындықпен және іске деген белсенділігімен ерекшеленеді. Осындай тәсіл сақталған жағдайда, бұл компанияларды тек жергілікті нарықта ғана емес, шетелде де үлкен болашақ күтіп тұр деп сенемін. Біздің технологиялық өнімдерімізді ауқымды түрде дамытуға және экспорттауға зор әлеует бар, – деді қазылар алқасының мүшесі, Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.

-Бұл байқау аясындағы негізгі міндетіміз – командаларға нарықтың жетекші ойыншыларынан капитал мен бейінді сараптамаға тікелей қолжетімділік беру. Питч-сессия нәтижелері өңірде сұранысқа ие әрі қауіпсіз қаржылық технологияларды әзірлеуге қабілетті мықты командалар бар екенін көрсетті, – деп қорытындылады Kazakhstan Fintech Network бас директоры Диас Саветқанов.

Айта кетейік, Fintech Stars Battle – жыл сайын Қазақстанның банк секторындағы басшыларын, финтех-компанияларды, мемлекеттік құрылымдар мен қаржы нарығының сарапшыларын біріктіретін CAFS 2026 іскерлік бағдарламасының бір бөлігі.

Осыған дейін Алматыда ауқымды Central Asia Fintech Summit 2026 өткені туралы жаздық.