Алматыда кибер алаяқтардың әрекеті тоқтатылды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін прокуратураның үйлестіруімен және «Қазақтелеком» АҚ-мен ынтымақтаса отырып, ҰҚКД және қаланың ПД жедел сүйемелдеуімен Қазақстанның екі азаматы ұсталды.

«Интернет-алаяқтықтың заманауй түрлерінің алдын-алу» жобасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы киберқылмыспен байланысты қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу жөнінде белсенді жұмысты жалғастырып отыр.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес олар, шетелдік серіктестермен сөз байласып, интернет-алаяқтық схемасын іске асыру кезінде оларға заңгерлік көмек көрсеткен. Күн сайын осы схеманы пайдалана отырып, ақшалай қаражатты ұрлау мақсатында елдегі азаматтарға күніне 2000-ға дейін қоңырау шалған.
— Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы анықталып жатыр. Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды ұқыпты болуға, белгісіз адамдардың қоңырауларына сенбеуге, дербес мәліметтері мен банк деректемелерін бермеуге шақырады. Күдікті әрекеттер байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті субсидия жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын жазған едік.