Алматыда қоғамдық көлік бағыттары уақытша өзгереді

АЛМАТЫ. KAZINFORM –   lmaty Half Marathon өткізілуіне байланысты, 20 сәуір күні сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін қалада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп, қоғамдық көлік бағыттарына өзгерістер енгізіледі. 

Алматыда қоғамдық көлік бағыттары уақытша өзгереді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

68 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. № 1, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 19, 25 троллейбустарының қозғалысы сағат 11:30–ға дейін тоқтатылады.

Әр бағыт бойынша уақытша қозғалыс сызбаларын @AlmatyJoly Telegram-арнасындағы тіркелген құжаттан көруге болады.

— Сапарларыңызды алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерді айналып өтетін қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес береміз, — делінген Алматы әкімдігі хабарламасында. 

Айта кетелік Астанада үш автобус уақытша бағытын өзгертеді

Соңғы жаңалықтар