Алматыда көліктен шығатын газдың сапасын талдайтын спектрометрлер орнатылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Экология және қоршаған орта басқармасы Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен және Алматыда цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі компаниямен бірлесіп, пилоттық режимінде көлік құралдарынан шығатын газдағы заттарды өлшеу және талдау үшін спектрометрлер орнатты. 

Алматыда көліктен шығатын газдың  сапасын талдайтын спектрометрлер орнатылды
Фото: Алматы әкімдігі

Спектрометрлер жолдың қарама-қарсы жақтарына тар учаскелерде орнатылады және оның жұмысы үшін көлік құралын тоқтатудың қажеті жоқ. Нақты уақыт режимінде (жарық сәулелерінің көмегімен) өтіп бара жатқан көліктердің шығарындылары туралы деректерді жинайды. Процесс автоматтандырылған, адам жұмысын қажет етпейді.

- Спектрометрлер көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, азот оксидтері, көмірсутектер және аммиак сияқты заттардың концентрациясын анықтай алады және оптикалық тығыздық арқылы дизельді көліктердің түтінін бағалайды. Қазіргі уақытта жоба Алматы автопаркі шығарындыларының орташа мәндерін анықтауға бағытталған. Болашақта Sergek бейнебақылау жүйесімен интеграциялау кезінде бұл технология автомобильдердің шығарындылардың рұқсат етілген нормаларынан асатын мемлекеттік нөмірлерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді, - деп хабарлады әкімдіктен.

Әзірлеушілердің айтуынша, бұл инновациялық жоба ауа сапасының мониторингін жақсартуға және қалалық жағдайда пайдаланылатын автомобильдер үшін экологиялық стандарттардың сақталуына ықпал етуге арналған. Бұған ұқсас жүйелер көптеген мемлекетте тиімді жұмыс істейді. Мысалы, EDAR және Opus технологиялары Мадрид, Венеция, Берлин, Франкфурт, Лондон, Брюссель, Париж және басқа да ірі қалаларда сәтті енгізілген. 

Еске салайық, Алматыда электромобиль жүргізушілері автотұрақты тегін пайдалана алады.

Соңғы жаңалықтар