01:16, 22 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің балконы отқа оранды.

Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің өртенген балконының видеосы желіге шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігі Бостандық ауданында 4 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында балконның өртенгенін хабарлады. Өрттің аумағы 3 шаршы метр болған.
«Өрт кешкі сағат 18:50-де сөндірілді. Зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.