Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 35 үндістандық елден шығарылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда бір топ шетелдік азамат депортацияланды.

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 35 үндістандық елден шығарылды
Фото: Polisia.kz

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алматыдан көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған Үндістанның 35 азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Олар мемлекетте болуға рұқсат етілген мерзімнен асып, ел аумағында заңсыз жүрген.

— Нысаналы іс-шаралар барысында көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері шетел азаматтарының жүрген жерін анықтап, оларды ұстады. Сот шешімімен құқық бұзушылардың барлығы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, полиция қызметкерлері оларды әуежайдағы шекаралық және паспорттық бақылаудан өткенге дейін алып жүрді, — деп хабарлады департаменттен.

Полиция шетел азаматтарының белгіленген болу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың елден уақытылы шығуын қамтамасыз етпеген қабылдаушы тараптар да әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда шетелдік жүргізушілерді жазалайтын амал табылғанын  жазғанбыз.