19:28, 15 Сәуір 2025 | GMT +5
Алматыда қоймадағы өрт сөндірілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алатау ауданында отқа оранған қоймадағы алапат өрт сөндірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрттің жалпы аумағы 1400 шаршы метр.
— Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарының арқасында көршілес қоймаларға оттың таралуына жол берілген жоқ, — делінген хабарламада
Бүгін, 15 сәуір күні сағат 14:48–де өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақырту бойынша Алатау ауданы, Самғау шағын ауданы мекенжайына жіберілді.
Өртті сөндіру үшін төрт жауынгерлік учаскеден тұратын жедел штаб құрылды. Оқиға орнында 87 қызметкер мен 25 техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ тілсіз жаумен күреске өрт пойызы тартылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қоймаларында өрт фактілері неліктен көбейгенін жазғанбыз.