Алматыда құны 420 млн теңгеден асатын «синтетика» прекурсорлары тәркіленді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы мен Алматы облысының аудандарында БК-4 прекурсорларын сатумен айналысқан қылмыстық топтың 9 мүшесі ұсталып, қамауға алынды.

Есірткі
Фото: Kazinform

Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаевтың сөзінше, ұсталғандардың тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту кезінде ірі көлемдегі сұйықтық құйылған канистрлер, есірткі заттарын өндіруге арналған зертханалық жабдықтар, ұнтақты заты бар ыдыстар, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілер табылды.

– Айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Қабылданған шаралардың көмегімен есірткі сатушылардың заңсыз тауар сақтаған үш орны белгілі болды.

Бұл ғимараттардан жалпы құны 422 млн болатын 3 тонна 210 литр прекурсорлар табылды және тәркіленді. Сонымен қатар, жедел іс-шаралар барысында Қарағандыда есірткі зертханасын құрған топтың басқа да мүшелері анықталды. Олар ұсталып, қамауға алынды, – деді ол.

Осыған дейін Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шыққан болатын.

 

 

Соңғы жаңалықтар