Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 12-17 мамыр аралығында Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өтеді.

Алматы
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, аталған бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 800-ден астам балуан жүлдеге таласады.

Айта кету керек, бұл турнирге халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар да қатысады. Бәсекенің негізгі мақсаты – алда өтетін ірі халықаралық додаларға ұлттық құраманы жасақтау.

Алғашқы медальдар грек-рим күресінде сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді еркін күрес балуандары аяқтайды.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық спортшы дзюдодан Тәжікстандағы «Үлкен дулыға» турнирінде қола алғанын хабарлған едік.