Алматыда Құрманғазы көшесіндегі көлік қозғалысы уақытша шектеледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 11 сәуір сағат 9:00-ден 14 сәуір сағат 6:00-ге дейін Алматы қаласының Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейінгі аралықта Құрманғазы көшесі жабылады. 

Алматыда Құрманғазы көшесіндегі көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Фото: Алматы әкімдігі

Қала әкімдігінің мәліметінше, көшенің бұл бөлігінде асфальт жабыны шөгуінің салдарын жою үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Жұмыстарды мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында жүргізеді. 

— Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз, - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС-ы. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайының аумағында көлік қатынасы қиындайтынын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар