Алматыда Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысы бір түнге жабылады

Алматы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысындағы құбыр ауыстырылады.

Осыған байланысты 21 маусым түнгі сағат 23:00-ден 22 маусым таңғы сағат 09:00-ге дейін Алматыдағы Медеу ауданында Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысында автокөлік үшін қозғалыс жабылады. Аталған көшелерде екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі.

«Уақытша шектеулер аталған көше қиылысы бөлігінің астынан өтетін ұзындығы 305 метрлік құбырды жаңғырту үшін енгізіліп отыр. Бұл құбыр 5 көпқабатты тұрғын үйді және тағы басқа 4 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жұмыс кезеңінде тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз етіледі», - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Айта кетейік, биыл мегаполисте ұзындығы 250 шақырым болатын 274 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Соңғы жаңалықтар
telegram