Алматыда LRT құрылысына байланысты Абылай хан даңғылы жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 8 және 9 қыркүйек сағат 22:00–ден 06:00–ге дейін Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі аралық жабылады.
— Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматыда жөндеу жұмысына байланысты Алтынсарин көшесі жабылатынын хабарладық.
Сондай-ақ Алматыда Төле би көшесінің жабылуына байланысты 10 автобус бағыты өзгергенін жазған едік.