Алматыда мерзімі өтіп кеткен азық-түлік төмен бағада саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік сататын дүкен жұмыс істейді. Кazinform тілшісі аталған сауда орнына барып, көрді.

арзан баға
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Оптомаркет дүкені – Алматының орталығында жаңадан бой көтерген тұрғын үй кешенінде орналасқан. Нақтырақ айтар болсақ, Назарбаев пен Мәметова көшесінің қиылысы. «Үш қоңыр» ТҮ.

арзан баға
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Оптомаркетте тек мерзімі өтіп кеткен азық-түлік және күнделікті тұрмыста қолданатын заттар сатылады. Бағасы төмен болғандықтан, сатып алушылары да бар. Солардың бірі алматылық Айдын Рақымбек. Айтуынша, бұл жердің ашылғанына бір жылға жуықтаған.

арзан баға
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

«Бұл жерді дүкен емес, қойма деген дұрыс шығар. Мен осы маңда тұрамын. Былтыр қыста ашылды. Ішіндегі тауарлардың бағасы қалта көтереді. Жасыратыны жоқ, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен немесе бітуіне аз қалған. Бастапқыда білмей қытай кеспесін сатып алып, үйге барып қарасам мерзімінің өтіп кеткеніне бір жыл болған екен. Сондықтан қайта әкеліп, өткізіп тастадым. Қазір бұл жерден азық- түлік алмаймын, тек майлық, сабын сияқты дүниелерді аламын», - дейді тұрғын.

арзан баға
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Дүкен сөресінде тұздалған қызанақ пен көкөніс икрасы тізіліп тұр. Бағасы басқа сауда нүктелерімен салыстырғанда екі есе арзан. Сатушысы оның себебін түсіндіруден бас тартты.

арзан баға
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Банканың сыртында тұздалған көкөністің жарамдылық мерзімі -3 жыл деп жазылған. Демек, 2021 жылдың тамыз айында шыққан тұздықтардың қолдану мерізімі екі ай бұрын біткен.

арзан баға
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Осы жағдай бойынша қалалық әкімдікке сауал жолдаған едік. Қысқа ғана жауап алдық.

«Дүкендегі тауарларды тексеруге құқығымыз жоқ»,- деп хабарлады әкімдіктен.

арзан баға
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Сонымен қатар, Кazinform редакциясы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ресми сауал жолдап қойды.

арзан баға
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Осыған дейін «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері «Время истекло» жобасы шеңберінде азық-түлік дүкендерін тексеріп, мерзімі өткен тауарларды анықтап жатқаны туралы жазған едік

арзан баға
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар