Алматыда мұғалімдер іс жүзінде көрсетілмеген қызметтері үшін төлемақы алып отырған

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы облысының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында инклюзивті оқыту мәселесі бойынша Білім басқармасында тексеріс жүргізді.

кабинет инклюзии
Фото: Ақмола облысы білім басқармасы

Тексеріс барысында стационарлық емделу кезінде ерекше білім беруді қажет ететін 55 баланы оқытуға жауапты мұғалімдерге іс жүзінде көрсетілмеген білім беру қызметтері үшін негізсіз төлемақы тағайындалғаны анықталды.

— Тексеру қорытындысы бойынша мемлекет бюджетінен негізсіз жұмсалған 4,5 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды. Заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Алматы облысының прокуратурасы бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруда. Прокуратура инклюзивті оқыту стандарттарын сақтау мен мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану әр балаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін еске салады.

Еске салсақ, бұған дейін министрлік суды көлеңкелі нарықта сатқандардың ісін Бас прокуратураға жолдағаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар