Алматыда оқу-жаттығу барысында граната мерзімінен бұрын жарылып кеткен
АСТАНА. KAZINFORM — Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, Алматыда жоспарлы оқу-жаттығу барысында жарық-дыбыстық гранатаның мерзімінен бұрын іске қосылу фактісі тіркелді.
— Техникалық сипаттағы оқиға болған аумақта бөлімше қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпарат көздерінде тараған қызметкерлердің жаппай зардап шеккені және олардың ауыр халде екендігі туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Осыған байланысты азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз және жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік бар екенін еске саламыз, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақтөбеде бір жылда жарылғыш зат туралы 20 жалған хабарлама түскенін жазғанбыз.