Алматыда опырылған жол үшін мердігер жауапқа тартылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Саин, Шаляпин, Яссауи және Жандосов көшелерінің аумағында инженерлік желілерді жүргізіп жатқан мердігер ұйымға қатысты жоспардан тыс тексерістің нәтижесін хабарлады.

Дефекты дорог Алматы: 140 протоколов составлены на чиновников и подрядчиков
Фото: Kazinform

Ведомство мәліметінше, тексеріс барысында «СпецСтрой Групп ЛТД» ЖШС бірқатар құрылыс нормасын бұзғаны анықталды. Атап айтқанда, траншеялардың қия беткейлері бекітілмеген, жергілікті дымқыл топырақ қабаттап нығыздалмастан қайта көміліп, кейбір учаскелерде траншеяға жер асты сулары толып қалған.

- Аманжол және өзге де көшелерде инертті материал төселмегендіктен, топырақтың тығыздалу деңгейі талапқа сай болмай шықты. Соның салдарынан жауын-шашын кезінде жол жабындысы отырып, терең шұңқырлар пайда болды, - деп хабарлады басқарма.

Қала құрылысы бақылау басқармасы мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді 2025 жылы 8 қазанға дейін жою жөнінде нұсқама берді. Егер белгіленген мерзімде талаптар орындалмаса, іс сотқа жолданып, заң аясында процессуалдық шешім қабылданады.

Еске салайық, Аманжол көшесінде жол жабыны опырылып, 13 автокөлік зақымданды.

Соңғы жаңалықтар