Алматыда орманға қонған ұшақты құтқарушылар тікұшағы эвакуациялады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының құтқару қызметі Ан-2 ұшағын тасымалдау бойынша операцияны жүзеге асырды. 

Алматыда орманға қонған ұшақты құтқарушылар тікұшағы эвакуациялады
Фото: видеодан алынған скрин

Құтқару қызметінің мәліметінше, Түрген әуежайынан 10 шақырым қашықтықтағы орманды аумаққа мәжбүрлі түрде қонған ұшақ әрі қарай ұшып келе алмаған. Оған көмектесу үшін Ми-8АМТ тікұшағы жұмылдырылды.

— Экипаждың жоғары кәсібилігі мен үйлесімді іс-қимылының арқасында әуе кемесі тікұшақтың сыртқы аспасына көтеріліп, Түрген әуежайына аман-есен жеткізілді. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау даласында ТЖМ құтқарушылары Ұлыбританиядан келген туристерге көмек көрсетті.