Алматыда өзен арнасынан ер адамның денесі табылды

Алматы
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АЛМАТЫДА. KAZINFORM –  Алматының Жетісу ауданында өзен арнасынан ер адамның мәйіті табылды.

Судағы ер адамның денесін бүгін таңеретең сол маңнан өтіп бара жатқан адам көріп, полиция шақырған. Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі ақпаратты растады.

«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның кім екені белгілі болды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», - деді Салтанат Әзірбек.

Осыған дейін Алматыда жас қыз көп қабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болғаны туралы жазған едік. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әйел саябақтағы аттракционнан секіріп, суицид жасағанын жазған едік. 

Жас келіншек өз-өзіне қол жұмсамас бұрын кішкентай қызын өлтіргені анықталды. 

Саябақтағы аттракционнан құлаған әйелге қатысты прокурорлар іс қозғады. 

Соңғы жаңалықтар