Алматыда полиция қызметкерін әдейі соққан мопед жүргізушісі жазаланды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды. 

Алматыда полиция қызметкерін әдейі соққан мопед жүргізушісі жазаланды
Фото: Александр Павский / Kazinform

Оқиғаның бейнежазбасымен Алматы қаласының полиция департаменті бөлісті. Ресми мәліметке сәйкес, Төле би даңғылында жергілікті полиция қызметінің экипажы қарама-қарсы жолақпен қозғалып келе жатқан мопедті байқаған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны тоқтатуға әрекеттенген, бірақ 20 жастағы жүргізуші заңды талапқа бағынбаған.

— Патрульдік полиция қызметкерлерінің бірін мопед жүргізушісі оны әдейі қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, ұсталды. Оған қатысты бірнеше әкімшілік құқықбұзушылық бабы бойынша іс қозғалды, оның ішінде полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін де жауапкершілік қарастырылған. Сот қаулысы бойынша құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, — деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда мопед ұрлаған күдікті полиция қызметкерін жолда сүйреп кетті.

Сонымен қатар Алматы әуежайында жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен сүйрегенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар