Алматыда Пушкин көшесінің бөлігі жаяу жүргіншілер аллеясына айналады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 31 шілдеден бастап Пушкин көшесінің бір бөлігі жабылады. Ол аумақ жаяу жүргіншілер аллеясына айналады. 

Алматыда Пушкин көшесінің бөлігі жаяу жүргіншілер аллеясына айналады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, Райымбек батыр даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі Пушкин көшесі бойында аумақты қайта жаңғырту жобасы басталды.

Алматыда Пушкин көшесінің бөлігі жаяу жүргіншілер аллеясына айналады
Фото: Алматы әкімдігі

31 шілдеден бастап құрылыс-монтаждау жұмыстарына байланысты Пушкин көшесінің шығыс жағындағы (Райымбек батыр даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін) көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Жаңғырту аяқталғаннан кейін бұл бөлік жаяу жүргіншілерге арналған аллеяға айналып, көлік қозғалысы үшін біржола жабылады.

Алматыда Пушкин көшесінің бөлігі жаяу жүргіншілер аллеясына айналады
Фото: Алматы әкімдігі

— Құрылыс уақытында көлік қозғалысы Пушкин көшесінің батыс жағында оңтүстік бағытта біржақты тәртіпте ұйымдастырылады. Аталған шектеу шаралары Алматы қаласы Полиция департаменті мен Қалалық мобильділік басқармасымен келісілген, — деп хабарлады әкімдіктен.

Алматыда Пушкин көшесінің бөлігі жаяу жүргіншілер аллеясына айналады
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, Алматы-1 теміржол вокзалының жанында жаңа Арбат ашылады.

Соңғы жаңалықтар