Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмысы неге кешеуілдеп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары осы жылдың екінші жартысында аяқталмақ.

а
Фото: Александр Павский / Kazinform

Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін 3,2 шақырымға ұзарту жұмыстары 2019 жылы басталды.

Алайда жекеменшіктегі жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу жұмысының баяу жүруіне байланысты жобаның толық жүзеге асуы 2023 жылға, кейін 2024 және 2025 жылға шегерілді.

жол
Фото: Александр Павский / Kazinform

Алайда былтыр алматылықтар көптен күткен көше бөлігі қайтадан қолданысқа берілмеді. Себебі соңғы жер учаскесі 2025 жылдың қазанында босатылған.

Жалпы көшенің бұл аумағын ұзарту үшін 66 жер телімі сатып алынды.

п
Фото: Александр Павский / Kazinform

Kazinform агенттігінің сауалына жауап берген Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы көше ашылуы бойынша мерзімді нақтылады.

а
Фото: Александр Павский / Kazinform

Ведомство мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталу 2026 жылдың қыркүйекке жоспарланған. 

Қазір жоба 70%-ға орындалған. 3,2 шақырымдық жолдың 1,8 километрінде асфальтбетон жабыны төселген.

п
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Жұмыс қарқыны 110 кВ электр беру желілерін қайта орналастыру қажеттілігіне байланысты технологиялық шектеулермен тежеліп отыр. Оның ішінде жылу беру маусымында қолданыстағы 110 кВ желілерін ажыратудың мүмкін еместігі бар. Аталған шектеулер жертөсемінің негізін салу, жол жамылғысын төсеу, сондай-ақ 5 жерүсті жаяужүргінші өткелін салу жұмыстарына әсер етеді, — деп хабарлады басқармадан.

а
Фото: Александр Павский / Kazinform

Саин көшесінің ұзарытылатын бөлігіне Kazinform фототілшісі барып, жолдың қазір жай-күйін көріп қайтты.

Байқағанымыздай, бұл аумақта қазір әртүрлі техника тұрғанымен, нақты жұмыстар істеліп жатқан жоқ.

а
Фото: Александр Павский / Kazinform

Аумақта бұзылған құрылыстардың бөліктері мен қоқыс көп. Көше толық аяқталмаса да, мұнда жүретін көліктер аз емес.

Мөңке би жағынан асфальт төселген бөліктен кейін жүргізушілер біраяқ жолдармен Рысқұлов көшесіне амалдап шығып жүр.

п
Фото: Александр Павский / Kazinform

Еске салайық, бұған дейін Алматы көшесінде жаңадан салынған тротуар опырылып қалғанын жазғанбыз.

п
Фото: Александр Павский / Kazinform
а
Фото: Александр Павский / Kazinform
а
Фото: Александр Павский / Kazinform
а
Фото: Александр Павский / Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар