Алматыда Саин көшесінің бөлігінде жылдамдық режимі өзгерді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының басты көшелерінің бірінде жылдамдық режимі өзгерді.
Алматы қаласы Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақты ұйымдастыру шаралары аясында жол қозғалысын ұйымдастыру схемасы түзетілді.
Бекітілген схемаға сәйкес, қолданыстағы қозғалыс жолақтарының ені қайта бөлініп, нәтижесінде төрт қозғалыс жолағы жасалған.
— Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында, сондай-ақ Саин көшесінің Райымбек даңғылы және Төле би көшесімен қиылыстарындағы көлік айрықтарынан кіріп-шығу мүмкіндіктерін ескере отырып, аталған учаскеде ең жоғары қозғалыс жылдамдығы 60 км/сағатқа дейін шектелді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Еске салайық, биыл 20 маусымнан бастап Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігінде пилоттық режимде қоғамдық көліктің арнайы жолағы жұмыс іске қосылды. Қоғамдық көлік жолы көшеде сары түспен бөлінді.
Кейін тұрғындар шағымынан кейін Саин көшесінің автобус жолағына өзгеріс енгізілді.