Алматыда шатқалда адасқан оқушыларды тікұшақпен іздеуге тура келді

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы облысында құтқарушылар шатқалда адасып кеткен тоғыз адамды тапты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Медики запросили вертолет у спасателей для новорожденного в Павлодарской области
Фото: Kazinform

Қарасай ауданында Известковое шатқалында адасып кеткен тоғыз адамнан — екі мұғалім мен жеті оқушыдан тұратын топты іздеу жұмыстары жүргізілді.

Оқиға орнында ТЖД жедел штабы ұйымдастырылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, ТЖМ Республикалық «Барыс» құтқару қызметінің құтқарушылары, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер қатысты.

— Жергілікті жерді барлау үшін жылу түсіргіші бар ұшқышсыз ұшу аппараты және тікұшақ қолданылды. Таңертең топ тікұшақтан әуеден байқалды. Құтқарушылар оларға жетіп, қауіпсіз жерге — автотұраққа дейін алып шықты. Оқушылар ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы облысының тауларында құтқарушылар үш туристке көмек көрсеткенін жазғанбыз.