Алматыда соңғы екі жылда 1 млн-нан астам ағаш отырғызылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Биыл мегаполисте 290 шақырым жергілікті суару жүйесі салынады. Бұл ағаштарды, бұталарды және гүлдерді суару сапасын жақсартады.

Алматыда соңғы екі жылда 1 млн-нан астам ағаш отырғызылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, қалалық ортаны көгалдандыру бойынша ауқымды бағдарлама іске асып жатыр. Жыл басынан бері мегаполисте биіктігі 6 метрден асатын 2мың ірі ағаш отырғызылды, оның ішінде ерен, жөке, күміс үйеңкі, қарағаш, қарағай, көк және жасыл шыршалар бар.

Алматыда соңғы екі жылда 1 млн-нан астам ағаш отырғызылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Сондай-ақ, биіктігі 2,5 метр 20 мыңға жуық көшет және 10 мыңнан астам бұта отырғызылды. Күзде биіктігі 4-тен 6 метрге дейін тағы 4 мың ірі ағаш отырғызу жоспарда.

– Соңғы екі жылда Алматыда 1 млн-нан астам ағаш пен бұта отырғызылды. Жасыл кеңістіктерге күтім жасаудың жаңартылған тәсілдерінің нәтижесінде көшеттердің өмір сүру деңгейі 70 пайыздан 90 пайызға дейін артты.Тұрақты көгалдандыру үлгісіне көшу аясында көпжылдық өсімдіктердің үлесі артып келеді. 2025 жылы қалада120 мың шаршы метрден астам жерге гүл өсіріледі. Оның 64 пайызы көпжылдық, – деп хабарлады әкімдіктен.

Алматыда соңғы екі жылда 1 млн-нан астам ағаш отырғызылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұдан бөлек, суаруды қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Екі жыл ішінде қалада 500 шақырым автосуару және тамшылатып суару желілері салынды, 2025 жылы тағы 290 шақырым салу көзделген. Бұл 1 миллионға дейін ағашты суаруға мүмкіндік береді.

Алматыда соңғы екі жылда 1 млн-нан астам ағаш отырғызылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

– Ірі ағаштарды таңдау, автосуаруды енгізу және көпжылдықтардың үлесін арттыру — бұл заманауи және ғылыми негізделген шешімдер. Көшеттердің түсуін 10 пайызға дейін төмендету қабылданған шаралардың тиімділігінің айқын дәлелі, – деп атап өтті Жазкен Жиембаев атындағы карантин және өсімдіктерді қорғау институтының бөлім басшысы Нұржан Мұхамадиев.

Осыған дейін Алматыны гүлмен көмкеруге 2,6 млрд теңге бөлінгені туралы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар