Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда дәмханаға заңсыз салынған қосалқы нысанды мәжбүрлі түрде бұзылып жатыр.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметіне сәйкес, қазір Төле би көшесі, 182 мекенжайында орналасқан «Asi» дәмханасына заңсыз салынған қосалқы нысанды бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, кейін заң бұзушылық дерегі бойынша материалдар сотқа жолданған. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен нысан иесіне әкімшілік айыппұл салынып, заңсыз қосалқы нысанды мәжбүрлі түрде бұзу туралы шешім шығарылды.
— Дәмхана иесі бұл шешімге шағымданғанымен, қалалық соттың қаулысымен алғашқы үкім өзгеріссіз қалдырылды. Қазіргі уақытта Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстарын басталды, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда заң талаптарын бұза отырып салынған 41 нысан толық немесе ішінара бұзылатыны белгілі болды.