Алматыда тексерілген әр төртінші көлік экологиялық нормаға сәйкес келмейді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтарды бақылау жұмыс жүріп жатыр.
Eco Almaty компаниясының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері жүргізілген мониторинг барысында 5 496 автокөлік тексерілген.
Оның 1 301-і, яғни тексерілген әр төртінші көліктен пайдаланылған газдар құрамындағы зиянды заттардың белгіленген нормативтерден асып кеткені анықталған.
— Анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Алматыда автокөлік шығарындыларын бақылаудың негізгі мақсаты — белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін көліктерді анықтау, — деп хабарлады Eco Almaty өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ЖЭО-2 қашан газға көшетінін жазғанбыз.