Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда Тілендиев көшесін ұзартуға алынатын жер телімдерінің тізімі ұлғайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда мемлекет мұқтажы үшін тағы ондаған жер учаскесі мәжбүрлі түрде алынады.

Алматы, көше, улица, люди, пешеход
Фото: Александр Павский / Kazinform

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 17 шілдедегі № 3/405-1075 қаулысына сәйкес, кәріздік сорғы станциясының құрылысы үшін Түрксіб ауданында орналасқан 3 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынады. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.



Одан бөлек Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 17 шілдедегі № 3/405-1077 қаулысы бойынша Тілендиев көшесін ұзартуға Алатау ауданында Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін орналасқан 10 жер телімі сатып алынады. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі — 2028 жылдың 31 желтоқсаны. Қалалық жер қатынастары басқармасы жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етеді.


Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 17 шілдедегі № 3/405-1078 қаулысына сәйкес, автобус паркінің құрылысы үшін «BrightHorizon Capital» ЖШС-ның Түрксіб ауданы Спасск көшесінде орналасқан 9 га жер учаскесі мәжбүрлі түрде алынбақ. Кейін бұл учаске жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының теңгеріміне беріледі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Тілендиев көшесін ұзарту үшін 92 жер учаскесі сатып алынатынын жазғанбыз.