Алматыда Төле би көшесін ұзартуға байланысты автобус бағыттары өзгереді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жол жұмыстарына байланысты кей автобус маршруттарына уақытша өзгеріс енгізіледі.
Көлік холдингінің мәліметінше, Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарына және Әшімов көшесінің Құлбеков көшесінен Машан көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысының жабылуына байланысты 24 шілдеден бастап № 14, № 15, № 26, № 118 және № 128 бағыттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі.
№ 14
Солтүстік бағытта: Алатау көшесі — Райымбек даңғылы — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: Райымбек даңғылы — Алатау көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
№ 15
Солтүстік бағытта: Әшімов көшесі — Сабденов көшесі — Алатау көшесі — Райымбек даңғылы — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: Райымбек даңғылы — Алатау көшесі — Сабденов көшесі — Әшімов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
№ 26
Солтүстік бағытта: Алатау көшесі — Райымбек даңғылы — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: Райымбек даңғылы — Абай көшесіндегі айналмаға жетпей кері бұрылу — Райымбек даңғылы — Алатау көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
№ 118
Солтүстік бағытта: «Құрылыс» көшесі соңғы аялдамасынан Абай даңғылы арқылы — Алатау көшесі — Райымбек даңғылы — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: Райымбек даңғылы — Абай көшесіндегі айналмаға жетпей кері бұрылу — Райымбек даңғылы — Алатау көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
№ 128
Солтүстік бағытта: Әшімов көшесі — Сабденов көшесі — Алатау көшесі — Райымбек даңғылы — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: Райымбек даңғылы — Алатау көшесі — Сабденов көшесі — Әшімов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Еске салайық, Абай даңғылын Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (ҮАААЖ) дейін ұзарту арқылы биыл көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр.