Алматыда троллейбус пен автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда аялдамада тұрған троллейбусқа автобус келіп соғылды.

Алматыда троллейбус пен автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар
Фото: t.me/almatylive_kz / telegram

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Бостандық ауданында болды.

— Жол-көлік оқиғасы сағат 11:45–те Абай даңғылы мен Розыбақиев көшесінің қиылысында болды. Автобус аялдамада тұрған троллейбуске келіп соғылды. Салдарынан 13 адам түрлі дене жарақатын алды. Жол апаты бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында тергеу басталды, — Полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Осыған дейін, Алматыда жүк көлігі сүйретіп келе жатқан автобус жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын

Бұдан бөлек, Ақсай қаласында мектеп автобусы өртеніп, жүргізуші жарақат алғаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар