Алматыда түнде көлік өртенді

Бүгін түнде Алматының Әуезов ауданында жеңіл автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды Kazinform.

көлік өртенді
Фото: видеодан кадр

Өртенген көліктің видеосы желіге шықты. 

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1 желтоқсан күні сағат 00:46-да оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер «Lada Priorа» маркалы автокөлігінің өртін сөндірді.

«2014 жылы шыққан жеңіл автокөлік Абай мен Алтынсарин даңғылдарының қиылысы аумағында өртеніп жатты. Өртенген аумақ 3 шаршы метр болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен соң, 2 минут ішінде, сағат 00:54-те өртті сөндірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ», - делінеді ТЖД хабарламасында.

Алматы қалалық ТЖД көліктен шыққан өрт тез таралатынын, сол себепті көлікте әрдайым жұмыс істейтін өрт сөндіру құралдары болу керектігін ескертті. Сондай-ақ, көлікке тек мамандандырылған техникалық қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсеткен дұрыс.

Соңғы жаңалықтар