Алматыда тұрғын үй ауласында ер адам балаға күш көрсеткен
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы полицейлері тұрғын үй кешенінің аумағында балаға күш күш көрсеткен ер адамды қамауға алды.
Балалар алаңында болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан ер адамның балаларға жақындап келіп, олардың бірін итергені көрінеді. Салдарынан бала дене жарақатын алған.
— Күдікті осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны. Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаға балалардың ойын кезіндегі жанжалы себеп болған. Осыдан кейін ер адам мәселені өз бетінше шешпек болған, — деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.
Полиция балаға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, Ақмола облысындағы балалар лагерінде алты бала уланды.