Алматыда тұрғындардан 600-ден астам пышақ пен суық қару тәркіленді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы полициясы тыйым салынған заттарды анықтау және заңсыз айналымнан алу жұмыстарын күшейтті. 

Алматыда тұрғындардан 600-ден астам пышақ пен суық қару тәркіленді
Фото: видеодан алынған скрин

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 681 дана пышақ, кастет, таяқша және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де заттар тәркілендген.

— Пышақ, кастет және өзге де тыйым салынған заттарды алып жүруге заңмен қатаң тыйым салынған. Бұл үшін жауапкершілік көзделген. Әсіресе кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударылып отыр. Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың қандай заттарды алып жүретінін бақылауды сұраймыз және оларды заңсыз әрекеттерге тартуға жол бермеңіздер, — деді Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғаевбаев.

Еске салайық, Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылында 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан мерт болды. Полиция қылмыс жасады деген күдікпен үш күдіктіні ұстады.