Алматыда ҰҚШҰ қорғаныс министрлері бірқатар құжатқа қол қойды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше елдер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оның барысында әскерлерді озық қару-жарақпен жарақтандыру жөніндегі құжаттарға қол қойылды.

әске
Фото: Қорғаныс министрлігі

Отырысқа ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, ұйымның бас хатшысы және біріккен штаб бастығы қатысты. 

Отырыстың шағын құрамында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери қауіпсіздікке қатысты сын-тегеуріндер мен қауіп-қатер туралы ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов баяндама жасады. 

тасмағамбетов
Фото: Қорғаныс министрлігі

Тараптар әскери қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттары туралы пікір алмасып, өз көзқарасын білдірді. 

Кеңестің пленарлық отырысында тараптар бірқатар құжаттар қабылдады.

әскер
Фото: Қорғаныс министрлігі

Олар ҰҚШҰ-ның ұжымдық күштерін бірлесіп даярлауды жоспарлау, заманауи қару-жарақ үлгілерімен, әскери және арнайы техникамен жабдықтау төңірегінде болды. 

Кездесу соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі отырысқа қатысушыларға жемісті және нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

жақсылықов
Фото: Қорғаныс министрлігі

«Бүгінгі отырыс барысында біз Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерге жан-жақты талдау жүргіздік. Ұйымға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының өзара іс-әрекетін одан әрі тереңдетуге және оның әскери құрамдас бөлігін дамытуға бағытталған құжаттар қаралып, қол қойылды», — деп түйіндеді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

министрлер
Фото: Қорғаныс министрлігі

 

Соңғы жаңалықтар