Алматыда үлескер тартуға тек 28 тұрғын үйге рұқсат берілген

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда үлескерлерді тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендерінің тізімі жасалды.

Вечерний Алматы Кешкі Алматы стройка құрылыс
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, қала аумағындағы 28 тұрғын үй құрылысы нысанына үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берілген.

Еске салайық, 2025 жылы маусымда «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді. Заң бойынша құрылыс компаниясына үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ болса, бірегей оператордың кепілдік шарты жасалмаса, не банк арқылы жобалық қаржыландыру жүзеге аспаса, көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерді жарнамалауға тікелей тыйым салынды.

Сондай-ақ бұған дейін жобалық-сметалық құжаттаманың негізінде жарнама орналастыруға мүмкіндік берген норма алынып тасталды.

— Азаматтарға алғашқы нарықтағы күмәнді мәміледен сақтану үшін баспана сатып алмас бұрын құрылыс салушының рұқсат құжаттарын мұқият тексеруге кеңес береді, — деп хабарлады ведомство.

Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат пен өзге де рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеру үшін азаматтар мына байланыс нөмерлеріне жүгіне алады:

  • Құрылысқа қатысты рұқсат құжаттары бойынша — Қала құрылысын бақылау басқармасының анықтамалық Call-орталығы: +7 (705-89) 6-60-00
  • Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат бойынша — Сәулет және қала құрылысы басқармасы: +7 (727-24) 0-80-00
  • «ҚТК» АҚ тұрғын үй порталы — homeportal.kz

Еске салайық, биыл үлескерлер мәселесі бойынша Алматыда 4 құрылыс компаниясына 300 арыз түскенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар