Алматыда ұрланған телефондарды өткізетін орын анықталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда ер адам ұрланған смартфондар сатып алып отырған.

8-летний мастер в Туркестанской области чинит телефоны и мечтает о карьере инженера
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған техниканы сатып алып, сақтаумен айналысқан ер адамды ұсталды.

– Жедел іс-шараларды жүргізуге қаладағы мекемелердің бірінде жасалған телефон ұрлығын тергеу себеп болды. Күдіктінің қолынан ұрланған смартфон, сондай-ақ әртүрлі маркалы 30 телефон мен екі планшет тәркіленді, - деп хабарлады департаменттен.

Полиция аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сонымен қатар тәркіленген техниканың заңды иелерін анықтау, ұсталған азаматтың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

– Ұрланған мүлікті сатып алу — осы қылмыс тізбегіндегі негізгі буындардың бірі. Дәл осындай «делдалдардың» болуы ұрлық фактілерінің көбеюіне ықпал етеді. Сатып алушылардың заңсыз қызметін анықтау және жолын кесу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Тәркіленген барлық мобильді құрылғылар тексеріліп, олардың заңды иелері міндетті түрде анықталады, — деді криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда дүкенге қарақшылық шабуыл жасалып, күдікті ұсталды.

Соңғы жаңалықтар