Алматыда үй жануарларын қараусыз қалдыруға тыйым салынады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда мәслихаттың кезектен тыс XXIX сессиясы барысында депутаттар үй жануарларын күтіп-бағу мен серуендеуге шығарудың жаңа үлгілік қағидаларын бекітті. 

Алматыда үй жануарларын қараусыз қалдыруға тыйым салынады
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл құжатты жергілікті нормаларды Қазақстан заңнамасының соңғы өзгерістеріне сәйкес келтіру үшін қаланың Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы әзірледі.

Жаңа ережелер тұрғындардың қауіпсіздігіне, қаланың тазалығына және үй жануарларының иелерінің құқықтарын сақтауға бағытталған.

Енді көшедегі үй жануарларының мінез-құлқы үшін жауапкершілік күшейе түседі: мысалы, үй жануарларын қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Егер үй жануарларының иесі оған күтім жасай алмаса, уақытша баспана тауып, қамқорлықты үшінші тұлғаға беруге немесе оны хайуанаттар бағына орналастыруға міндетті.

Иттерге ерекше назар аударылады: оларды өз бетінше серуендеуге және айналасындағыларға қауіп төндірмейтін жағдайларда ұстау керек. егер итті серуендететін жерде қоршау болмаса,  иттерді қарғыбаумен ұстау қажет. Ал арнайы бақылауды қажет ететін иттері бар учаскелердің қақпасында ескерту белгісі ілінуі тиіс.

— Иттерді серуендетуге келетін болсақ, қоғамдық орындарда үй жануарлары қарғыбауының ұзындығы екі метрден аспауы керек. Ал көпшілікте, тасымалдау кезінде және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар, мекемелер белгілеген арнайы аймақтарда итке тұмылдырық кигізілуі тиіс.

— «Жаттығу алаңы» және «Еркін серуендеу» сияқты жаңа ұғымдар да Алматының барлық тұрғыны үшін міндетті ережелерге енді, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Алматыда үй жануарларын тегін зарарсыздандыру бағдарламасы басталғаны туралы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар