Алматыда заңсыз салынған техникалық қызмет көрсету орталығы бұзылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Розыбақиев көшесі, 63 мекенжайында ірі күрделі құрылыс бұзылды. Меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған.

Алматы үй бұзу
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы ірі техникалық қызмет көрсету орталығы бұзылып жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында басқарма «АҚЖОЛ» ЖШС иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, осы жылдың 13 қыркүйегінде басқарма Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу туралы талап-арыз жіберді.

Сот процесі аяқталмаса да, нысанның иесі нысанды өз еркімен бұза бастады.

Осыған дейін Алматыда 1350 шаршы метрден астам салынып жатқан ғимараттың бұзылғаны туралы жазған едік. https://kaz.inform.kz/news/almatida-r-kurilis-nisani-buzilip-zhatir-aa3476/

Жалпы, қалады былтырдан бері 48 заңсыз нысан толығымен және жартылай бұзылды. Оның ішінде бизнес орталық, мейрамхана, қосалқы құрылыс пен автосервис, сондай-ақ Мечта және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар. 

Соңғы жаңалықтар