14:27, 07 Ақпан 2024 | GMT +5
Алматыда заңсыз жүрген Африка азаматтары анықталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған африкалықтар анықталды. Ведомство мәліметінше, заңсыз жүрген Африка азаматтары қаланың әртүрлі нысанынан табылды.

«Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 16 шетелдік азамат Полиция департаментінің қабылдап-тарату орнына орналастырылды, Африка елінен келген тағы 8 азаматты Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар басқа да бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.