Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда заңсыз сауда жасап келген 7 орын жабылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауданың 7 ірі орны жойылды.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Әуезов ауданы әкімдігінің мәліметінше, ауданда заңсыз сауда жүргізген 7 ірі орын толықтай жойылды. Бұл аумақтарда киім-кешек, көкөніс, сүт өнімдері мен гүлдер заңсыз сатылған.

- Аталған жұмыс қала әкімінің тапсырмасы бойынша белгіленбеген орындардағы сауданың жолын кесу және Алматы қаласын көріктендіру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету аясында жүргізілді. Саудамен айналысқан азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлады әкімдіктен.

Жалпы жыл басынан бері аудандық полиция басқармасы ҚР ӘҚБтК 204-бабы бойынша құқық бұзушыларға қатысты жалпы сомасы 3,4 млн теңгеден асатын 698 әкімшілік хаттама толтырған. Сонымен қатар Кодекстің 505-бабы бойынша жалпы сомасы 5,3 млн теңгеден асатын 1 386 әкімшілік хаттама рәсімделді. Сондай-ақ биыл Әуезов ауданында 192 стационарлық емес сауда нысаны бұзылған.

Еске салайық, Астанада заңсыз алкоголь саудасына қарсы бақылау күшейтілді.